454.14
509.23
5.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астана – Петропавл тасжолында бес көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
Жаңалықтар

Астана – Петропавл тасжолында бес көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

15.10.2026
мин
0
109
Сурет: BAQ.kz

Солтүстік Қазақстан облысында бес көлік соқтығысқан жол апатынан үш әйел көз жұмды. Тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желілерде қаза тапқандардың арасында балабақша директоры мен екі тәрбиеші бары айтылып жатыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында адам өліміне әкелген ірі жол апаты болды. Оқиға 15 қазанда сағат 08:00 шамасында «Петропавл – Көкшетау» тасжолында, Кременчуг ауылының маңында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолда үш жеңіл автокөлік пен екі «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан «Audi» көлігінде болған үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты.

Қаза тапқандар кімдер?

Әлеуметтік желілерде марқұмдардың Жамбыл ауданындағы балабақшада жұмыс істегені туралы ақпарат тарады. Олардың арасында мекеме директоры мен екі тәрбиеші болуы мүмкін. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Сондай-ақ әйелдердің жеке шаруаларымен жолға шыққаны және сапардың жұмыстарына қатысы болмағаны туралы ақпарат жарияланды.

Полиция не дейді?

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті «Audi» көлігіндегі үш жолаушының қаза тапқанын растады. Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілген. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалған көліктердің жүргізушілері зардап шекпеген.

Аталған дерек бойынша абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол жүрісі қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазір полиция қызметкерлері апаттың нақты себептерін анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты қажетті сараптамалар тағайындалған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл