Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде білім беру ақысы 13,8% қымбаттаған.
«Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы 2021 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 13,8% көтерілді. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім.
Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтары қызметінің ақысы бір жылда 10,2% артты.
Колледжде білім беру төлемі – 19,5%, жоғары оқу орындарында 16,3% қымбаттады.
Түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6% өсті», - делінген статистика мәліметінде.