Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 474 млрл теңге бөлінген
Жаңалықтар

Елімізде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 474 млрл теңге бөлінген

12.11.2024
1 мин
0
139
Сурет: ardak.kz

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста министр биылғы жылға арналған амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамту шаралары туралы айтты.

Әлназарова атап өткендей, осы мақсатта республикалық бюджеттен 474 миллиард теңге, ал жергілікті бюджеттен 26,7 миллиард теңге бөлінген. Амбулаториялық деңгейде 251 миллиард теңгеге 3,5 миллион пациент 120 түрлі нозология бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының дәрі-дәрмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар базасында 172 дәріхана, 694 жеке дәріхана және 15 жылжымалы дәріхана пункті ұйымдастырылған.

Пациенттердің стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес орталықтандырылған және дербес сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Биыл Бірыңғай дистрибьютордың 2025 жылға арналған сатып алу науқаны бір ай бұрын басталды, бұл "СҚ-Фармация" ЖШС қоймаларына дәрілік заттарды 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді Ақмарал Әлназарова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл