444.4
488.97
5.39
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҰҚК басшысы не үшін қызметінен босатылды? Айбек Смадияров себебін түсіндірді
Жаңалықтар

ҰҚК басшысы не үшін қызметінен босатылды? Айбек Смадияров себебін түсіндірді

16.11.2026
0 мин
0
141

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Ермек Сағымбаевтың қызметтен босатылу себебін түсіндірді. Бұл туралы ол өзінің ресми Telegram-каналында мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Айбек Смадияровтың мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босату туралы шешім қабылдаған. Бұл ретте Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау міндеттерін жүзеге асыру үшін басшылық құрамдағы кадрлық ауыс-түйістің қажеттігін ескерген.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бұл шешімді қабылдау кезінде жемқорлық оқиғасына қатысы бар лауазымды тұлғалардың ұсталуын да назарға алған. Президенттің пікірінше, күштік құрылым қызметкерлері тарапынан қателіктер жіберілген. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жарияланған.

Баспасөз хатшысы «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларына қатысты істің сыбайлас жемқорлық сипаты күмән тудырмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, мұны тергеу барысында іске қатысы бар тұлғалардың әрекеттері растаған.

Сондай-ақ Айбек Смадияров Президенттің жүргізіліп жатқан тергеу амалдарынан әуел бастан хабардар болғанын және Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ұстанымы өзгермейтінін жеткізді.

Бұдан бөлек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді.

Жиын барысында Президент қызметтік тәртіпті нығайту, «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру жөнінде тапсырмалар берді.

Сонымен қатар Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке полицияның қатардағы қызметкерлері мен офицерлік құрамының арасында тәрбие жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл