444.4
488.97
5.39
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елде баспана бағасының өсуі баяулауы мүмкін – Halyk Finance
Жаңалықтар

Елде баспана бағасының өсуі баяулауы мүмкін – Halyk Finance

16.11.2026
0 мин
0
175
Сурет: primeminister.kz

Halyk Finance сарапшылары 2026 жылдың соңына дейін және 2027 жылдың басында Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсу қарқыны бәсеңдейді деп болжап отыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған ипотекалық несиелеу көлемінің қысқаруы, зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану мүмкіндігінің шектелуі және өткен жылғы жоғары баға деңгейі әсер етуі мүмкін.

Сарапшылардың мәліметінше, коммерциялық банктер беретін ипотекалық несиелердің үлесі азайған. 2025 жылы бұл көрсеткіш 26% болса, 2026 жылдың алғашқы жартысында 14%-ға дейін төмендеген.

Тұрғын үй нарығына ықпал ететін тағы бір фактор – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алынатын қаражат көлемінің қысқаруы. Шілде айынан бастап азаматтардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану мүмкіндігі азайған. Бұған ең төменгі жеткіліктілік шегінің көтерілуі себеп болды.

Сонымен қатар 2025 жылы тұрғын үй бағасының жоғары деңгейге жетуі алдағы кезеңдегі өсім қарқынына әсер етуі мүмкін. Halyk Finance сарапшылары осы факторлардың жиынтығы 2026 жылдың соңында және 2027 жылдың басында баспана бағасының қымбаттауын баяулатуы ықтимал екенін айтады.

Зейнетақы жинақтарын пайдалану көлемі екі еседен астам артты

2024 жылы азаматтар БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 397 млрд теңге алған. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 824 млрд теңгеге жетті. Осылайша, бір жылда зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану көлемі 108%-ға өскен.

Сарапшылардың пікірінше, 2025 жылы тұрғын үй бағасының өсуіне зейнетақы жинақтарын пайдалану көлемінің артуы және жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың кеңеюі ықпал еткен.

Жеңілдетілген ипотеканы тоқтату ұсынылды

Halyk Finance сарапшылары «7-20-25» бағдарламасын кезең-кезеңімен тоқтатып, оның орнына нарықтық ипотекалық несиелеуге көшуді ұсынады.

Сонымен бірге табысы төмен азаматтарға арналған атаулы мемлекеттік қолдауды сақтап қалу қажет деп санайды. Бұдан бөлек, сарапшылар ұзақ мерзімді ипотекалық қаржыландырудың балама көздерін дамытуды ұсынып отыр.

Олардың пікірінше, тұрғын үй нарығын дамытуда мемлекеттік қолдау нақты мұқтаж азаматтарға бағытталып, ипотекалық қаржыландырудың тұрақты тетіктері қалыптасуы керек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл