Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде картоп бағасы арзандайды
Жаңалықтар

Елімізде картоп бағасы арзандайды

15.06.2021
1 мин
2
1782

«Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағының» басшысы Қайрат Бисетаев бағаның өсуін былай деп түсіндірді.

Айтуынша, өнеркәсіптік картоп шаруашылығы Қазақстанның солтүстігінде және солтүстік-шығысында орналасқан. Шаруалар халықты шілденің ортасынан сәуірге дейін картоппен қамтамасыз етеді. Ал биыл мамырда да картоп жеткізілді. Маусымда негізінен Өзбекстаннан және елдің оңтүстік облыстарында өскен өнім сатылады. Бірақ биыл Өзбекстан жаңа піскен көкөністер мен картопқа шекараны жапты.  Ал оңтүстіктегі қолайсыз ауа райы бұл өнімнің уақытында жиналуына кедергі болды. Бірақ осы өңірдегі шағын шаруашылықтардың өнімі сапалы, әрі ішкі нарықты қамти алады. «Егер елде ерте өнім алғысы келсе, сауда және интеграция министрлігі шағын шаруашылықтарды ұдайы бақылап, баға саясатын қатаңдатпауы тиіс», – дейді одақ басшысы. Оның айтуынша, жаңа піскен картоптың келісі 200 теңге болғаны орынды. Бұл бағаға тұқым, жанармай шығындары мен көкөністі қолмен жинайтын жұмысшы жалақысы кіреді.

Ал «өнім тапшылығын болдырмау үшін, экспортты қысқартып, картоп алқаптарын көбейту керек» деген пікірлер негізсіз. Өйткені отандық көкөніс ішкі нарықты толық қамти алады. Бірақ саланы қыспақтап, еркін дамыту мүмкіндік бермесе, шағын шаруалардың кәсібі өрге кетеді» деп түйді Қайрат Бисетаев.  Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда картоп жеткілікті деп мәлімдеді. Ведомствоның ресми деректері бойынша, әлеуметтік маңызы бар өнім қоры 70 мың тоннадан асады. Қорда былтырғы жылы шыққан және жаңа егістің картоптары да бар. Нарықтағы тауарлардың жеткіліктіліне байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі ге жақын арада картоптың арзандауын болжайды.

Дереккөз:«Хабар 24»

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Д
Динара 15.06.2021
Картоп сәбіз жалпы азық түлік орташа айлық көрсеткішке сай емес мүлде
Жауап беру
Д
Дана 15.06.2021
Әңгіме тек картоп емес қой, экономикасығо біздің еліміздің... Бағалар қалтаға сай емесқой көбісінің...
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл