Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл Қазақстанда полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам сигнал келіп түскен.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері "дебоширлерге" қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сот шешімі бойынша 10 мыңнан аса адам қамауға алынды.
"Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 7,5 мың "отбасы тираны" әкімшілік жауапқа тартылған. Биыл полиция өмірлік қиын жағдайға тап болған 7,5 мыңнан астам әйелді кризис орталықтарына жіберген. Олардың 2 мыңнан астамы баспанаға орналасты", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту бойынша шаралар әзірленді:
• Тұрмыстық зорлық деректерін тіркеу бойынша "өтініш беру сипатынан анықтау сипатына" көшу. Бұл полицияға жәбірленушінің өтініші болмаса да, әкімшілік іс-жүргізуді бастауға мүмкіндік береді.
• Тараптардың татуласуына талапты күшейту. "Дебошир" бірінші рет сотта ғана татуласа алады, ал қайталанса мұндай құқық алынып тасталады.
• Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша жазаны қатаңдату. Қайталанған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік қамауға алудың мерзімін ұзарту ұсынылады.
• "Ескертуді" "қоғамдық жұмыстарға" ауыстыру ұсынылады.
• Ең жиі жасалатын қылмыстар бойынша "отбасылық-тұрмыстық қатынастағы адамға қатысты" деген қосымша саралау белгісін енгізу.