Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері қымбаттайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов елімізде коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі туралы мәлімдеп, бұл өзгерістер халықтың қалтасына қатты әсер етпейтініне сендірді. Вице-министрдің айтуынша, тарифтердің өсуі ақылға қонымды және төменгі деңгейде болады, ал инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді.
— Тарифтердің өсуі ең төменгі деңгейде, ақылға қонымды шекте болады. Біз инвестициялық бағдарламаны орындаймыз, бірақ оны іске асыру 20 жылға дейін созылады. Барлық есептеулер жүргізілді. Бұл болжам емес, талдаудың нәтижелері, - деді вице-министр.
Коммуналдық қызмет тарифтерінің нақты қалай өзгеретіні әрбір қызмет жеткізушіне байланысты болмақ.