Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2022 жылдың қаңтар мен тамызында нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға аз.
Саладағы өндірістің төрттен бір бөлігі Түркістан облысына тиесілі: 81,7 мың тонна. Нан өндірі бойынша үздік үштікте Алматы (36,6 мың тонна) мен Ақтөбе (33,8 мың тонна) облысы бар.
EnergyProm сарапшыларының мәліметінше, биылғы жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша нан құны өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 19,4%-ға өсті. Қара бидай нанының бағасы 24,7%-ға, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 28,2%-ға, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 14,4%-ға өсті.
Қазақстанның барлық өңірлерінде нан қымбаттады. Ұлытау облысында нан бағасы 48,3%-ға өсті. Нан бағасы айтарлықтай қымбаттаған өңірлер қатарында Ақмола облысы (27,6%) мен Алматы (25,8%) бар. Ең төмен баға Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 2,6%.