Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде оқу жылын маусым айының аяғына дейін созу мүмкін
Жаңалықтар

Елімізде оқу жылын маусым айының аяғына дейін созу мүмкін

30.06.2022
1 мин
18
1948

Сарапшылар мен кейбір мектептердің өкілдері оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзартуды ұсынып отыр. Бұл 2022-2023 оқу жылындағы білім процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде көтерілді.

Оқу жылын ұзартуды ұсынып отырған педагогтер қосымша оқу апталары білім алушылардың күнделікті оқу жүктемесін азайтуға көмектесетіндігін алға тартып отыр. Сонымен қатар, оқу жылын ұзарту «күрделі» тақырыптарды аз уақытта игерту мәселесін шешеді. Сондай-ақ, жазғы демалыстың ұзақтығын қысқарту білім алушылардың алған білімін жоғалтпауына септігін тигізеді.

«Біздің ел оқу жылындағы апта саны ең қысқа мемлекеттердің бірі 34 оқу аптасы. Нәтижесінде республикамыздың білім алушылары жылына 130 күннен астам демалады, бұл әлемдегі ең ұзақ демалыс десек болады. Салыстыратын болсақ: мысалы, Израильде демалыстың ұзақтығы – 84 күн, Оңтүстік Кореяда – 90 күн, Жапонияда – 102 күн. Зерттеулердің нәтижесі, балалар ұзақ үзілістен кейін игерген материалдың 25%-ын ұмытатынын көрсетіп отыр. Сондықтан біз қазақстандық мектептердегі оқу жылын 38 аптаға дейін ұзартуды ұсынамыз - оқу жылын 15 тамызда бастап, 5 маусымда аяқтауды ұсынамыз. Немесе қыркүйек айында әдеттегідей басталса, онда 20 маусымға дейін ұзарту керек», – деді «BINOM SCHOOL» мектебінің басқарушы директоры Арайлым Мағзұмова.

«Әділет» республикалық орта және мектепке дейінгі білім беру қауымдастығының төрайымы Динара Құдайқұлова да өз сөзінде оқу жылын ұзарту үшін оңтайлы деп санайтын мерзімдерді атап өтті: «20-25 тамыздан бастап балалар шығуы керек, шын мәнінде екі апта бойы балалар оқу процесіне толығымен кіре алмайды деп санаймыз. 20-25 тамыздан 5 маусымға дейін кем дегенде ұзартылуы керек», - деді ол.

Сарапшылар оқу жылының ұзақтығын арттыру сыныптардағы жүктемені 1-2 сағатқа қысқартуға, кабинет тапшылығын оңтайландыруға, білім алушылардың қосымша білім алуына және педагогтердің өздерін кәсіби дамытуына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беретініне сенімді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
18 Пікір
Б
Бакытжан 30.06.2022
Кумандарши балалар майдын 25 не дейн зорга журеди июньдер неси айтып отырган. Мугалимдер оздерин оки берсендерши. Тажирибе алмасып дегендей.
Жауап беру
Ж
Жаке 30.06.2022
Оңтүстікте мамыр айынан бастап күн қайнайды,сыныпта ауа тарылып, терлеп, оқуға деген құштарлық төмендеп, күн санап кетемиз.
Жауап беру
Н
Нур 30.06.2022
Керек емес пәндерди алып тастасын. дене шыныктыру сагатын 2 саг кылып тастау керек себеби оларга косымша уйірме сабактары берилип жатыр.
Жауап беру
Ж
Жанар 30.06.2022
Кей өңірдің ауа-райына сәйкес келмейді мысалы Оңтүстікте бірден күн ысып кетеді
Жауап беру
М
Марал 30.06.2022
Жаздын ыстыгы бастаганда косымша мектепте куйип пысып окыды,енди узарту дегенди ойларына да алмандар Дер едим мугалимдерге
Жауап беру
Ж
Жансая 30.06.2022
Бірінші жағдай жасалған. Өздері кондиционердің астында отырып шешім шығарған болар.
Жауап беру
С
Сафия 30.06.2022
Дурыс емес. Балаларга жагдай жасалмаган кунин ыстыгында алыстагы мектепке 15шакырым жерге барып Оку керек па. Биринши жаксы жагдай жасалсын одан кейн дурыс шешим кабылдасын. Отырып алып болжаламай бар ауылды зериттеп билсин. Кимнин баласы кандай калай мектепке баратынын. Не истерин билмей отырган билимдилер.
Жауап беру
Б
Бактыгуль 30.06.2022
Қазіргі оқу күндер мен демалыс дұрыс. Мұғалімнің отпуска күні емделуіне, ізденуіне, отбасына толық жарағаны жөн
Жауап беру
М
Мен 30.06.2022
Ерикпениздер.жазда жанып турганда жердин тубине барып келу онай емес
Жауап беру
М
Мен 30.06.2022
негізі дұрыс айтады. Қытайда тамыздың 15бастап маусымнын 15ы аякталады. за то білім сапасы деген сұмдык енді.
Жауап беру
Г
Гүлім 01.07.2022
Қытайда білім бар,талап бар. Біздердікі жай сүйретіліп,әрең барып келсе болды деген білім өтірік емес. Миға қонбайтын пәндерді үйіп төгіп тастаған. Бірінші өздері жүйені дұрыстап енгізіп алсын. Үйге тапсырма берілмейді сол дамыған елдерде. Бізде мектепте және үйде тапсырманы басынан аяғына дейін беріп тастайды. Баланың не миы,не ойы қортпай,шаршап не оқыды,не қойды отырады білмей. Біздің жүйе мен білім жағын салыстырудың дымда қажеті жоқ
Жауап беру
Ж
Жансая 30.06.2022
Ақылы мектептер үшін әр не тиімді, оқу ақысын тағы 1 айға қоса алады. Балаларды ойлап жасалып жатқан жоқ. Қазіргі оқушылар мамырда шаршап кетеді, оқығысы келмей. Күннің ыстығында кім жүреді?
Жауап беру
А
Аксаулеш 30.06.2022
9ай оқып 3ай демалса болмайма енді калғаны демалысты қысқарту ерікпеңдер
Жауап беру
А
Аксаулеш 30.06.2022
9ай оқып 3ай демалса болмайма енді калғаны демалысты қысқарту ерікпеңдер
Жауап беру
А
Аксаулеш 30.06.2022
9ай оқып 3ай демалса болмайма енді калғаны демалысты қысқарту ерікпеңдер
Жауап беру
А
Аксаулеш 30.06.2022
9ай оқып 3ай демалса болмайма енді калғаны демалысты қысқарту ерікпеңдер
Жауап беру
А
Аксаулеш 30.06.2022
9ай оқып 3ай демалса болмайма енді калғаны демалысты қысқарту ерікпеңдер
Жауап беру
А
Аксаулеш 30.06.2022
9ай оқып 3ай демалса болмайма енді калғаны демалысты қысқарту ерікпеңдер
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл