Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде банкноттар арасында 2 000 және 5 000 теңгелік ақша жиі қолдан жасалады, деп хабарлайды Dauletten.kz Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылмен салыстырғанда, Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақшалар көлемі былтыр 38%-ке азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады (2019 жылы 1 319 банкнот пен монета).
Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені, қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді. Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады – сәйкесінше, жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%.
Жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда (554 дана, немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталды.