Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде қанша жетім бала бар?
Жаңалықтар

Елімізде қанша жетім бала бар?

27.01.2023
1 мин
1
1448

 Елімізде бала асырап алу бойынша оң динамика байқалады. Толығырақ Оқу-ағарту министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Жанна Сәрсенбаева айтып берді, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Балажан» жобасы оң нәтижесін беруде. Оған дәлел қолдау орталықтарындағы балалардың психологиялық-эмоционалды жағдайы мен қарым-қатынасы жақсарып келеді. Бастысы балаларға ыңғайлы. Олар өздерін интернатта емес, үйде жүргендей сезінеді. Барлық бала секілді, сабақ оқиды, мектепке барады. Аталған жоба аясындағы тағы бір бағыт - кәсіби патронаттық отбасыны дамыту. Яғни жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйіне емес, бірден патронаттық отбасыға беру мүмкіндігі. Бүгінде осы практика енгізіліп жатыр», – деді Жанна Сәрсенбаева елордада өткен балалар үйін трансформациялау мәселелеріне арналған жиын барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, «Балажан» жобасы Ақмола облысында пилоттық режимде жүзеге асып жатыр. Алда республикалық деңгейде ауқымы кеңейе түседі.

«Келесі жылы Ақкөл қаласындағы балаларды қолдау орталығының тәжірибесін республикаға таратуды жоспарлап отырмыз. Қазір ол жағы заңнамалық деңгейде пысықталуда. Бүгінде елімізде 20 мыңнан астам жетім бала бар. Олардың 80%-ға жуығы туысы немесе басқа отбасыларда тәрбиеленуде. Жалпы бала асырап алу бойынша елімізде оң динамика», - дейді ол.

Фото: turkystan.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
М
Мөлдір Әсембекқызы 27.01.2023
Бала берсе асырар едім қанша бала болсада
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл