Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Hyundai Қазақстанда зауыт ашқысы келетін Қытайдың үш автокөлік брендімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
"Hyundai қазір Қытайдың үш ірі компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Қытайдың ең танымал брендтері осында Hyundai-мен бірге зауыт ашып, локализация жасамақшы. Халықтың автокөлікке деген сұранысы біздің автоөнеркәсіптің дамуына мүмкіндік береді", - деді Өскенбаев.
Журналистер министрге жеңілдетілген автокөлікті несиеге алу кезегі үш мыңға жеткенін айтты.
"Бұл өте жақсы, өйткені қазір бізде автокөлік өндірісі ұлғайып жатыр және тұрғындардың отандық көліктерге сұранысы жоғары, өндіретін көліктердің көлемін одан әрі арттыруымыз керек", - деп түсіндірді министр.