Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде республикалық «Жас өрен» байқауы өтеді
Жаңалықтар

Елімізде республикалық «Жас өрен» байқауы өтеді

10.08.2022
1 мин
5
3623

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық –демографияық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия 2022 жылды шілде айының 25 жұлдызынан бастап балалар әні және балалар поэзиясына (өлең ,жыр,тақпақ) арналған ақындар мен композиторлар арасында республикалық байқау жариялайды.

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:

- өнер туындылары арқылы патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

- жас ерекшелігіне сай жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу;

- отандық авторларды қолдау;

- балабақша және мектеп жасындағы балалардың репертуарын толықтыру;

-         Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарас қалыптастыру.

Конкурс 2022 жылдың 25 шілде мен 15 қазан аралығында өткізіледі.

Шығармалар еркін тақырыпта (отансүйгіштік, ата-анаға деген махаббат, елді қорғау, табиғат жайында және т.б.) жазылады. Конкурс шығармалардың түрі бойынша келесі екі номинацияларға бөлінеді:

  • Балаларға арналған әндер. Балабақша және мектеп жасындағы балалардың әндері.
  • Балалар поэзиясы. Еркін тақырыптағы тақпақ, өлең, жыр туындылары

Айта кетейік, конкурсқа қатысу үшін бұрын көпшілік алдында орындалмаған, жарияланбаған және басқа конкурстарға қатыспаған туындылар ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар өтініммен бірге мынадай құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, 2022 жылғы 25 шілдеден бастап  15 қазанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер жібереді:

  • PDF форматында жеке куәлігі құжатының көшірмесі;
  • шығармашылық өмірбаяны;
  • Конкурска қатысушының 13х18 сантиметр өлшеміндегі түрлі-түсті фотосуреті (JPEG форматында);
  • туындының МР3 форматындағы аудиожазбасы;
  • Екі номинацияға да Word құжатындағы туындының мәтіні (қаріп – Times New Roman, мөлшері №14, жоларалық интервал – бір жолдық);
  • Әндер номинациясына партитура және клавир («Finale» немесе «Sibelius» ноталық редакторлар немесе JPEG немесе PDF форматындағы басқа ноталық редакторлар форматында).
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкте жеке шотының болуы туралы анықтама.

Өтінімдер мына электронды поштаға жіберіледі: zhas.oren@gmail.com. Анықтама телефондары: 87751459053

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15358 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
К
Күміс 14.08.2022
Тек ақын композиторлар ғана қатысады ма әлде қалай мүлдем түсініксіз
Жауап беру
К
Күміс 14.08.2022
Толық түсінікті етіп жазылса ән байқауы мен поэзия байқауы бірге болады ма
Жауап беру
А
Аружан 13.08.2022
Шартты түсінген жоқпын
Жауап беру
А
Аружан 13.08.2022
Шартты түсінген жоқпын
Жауап беру
a
aya 13.08.2022
Қайырлы күн! Өтініш қабылдау дегендегі 2-ші пункты екі номинацияға да қатысты ма әлде тек "Әндер" номинациясына ма?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл