Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде сәбилер сатумен айналысқан сайт анықталды
Жаңалықтар

Елімізде сәбилер сатумен айналысқан сайт анықталды

28.06.2022
1 мин
1
1518

Прокуратура балаларды сату туралы хабарландырулар орналастырылған шетелдік интернет сайтын анықтады. Ұсыныстарды зерттеу жаңа туған балаларынан бас тартқысы келетін жас әйелдер оларды заңмен белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімінсіз «сатып алуды» ұсынады. Сонымен қатар сайтта балаларды осылай асырап алғысы келетін адамдардың жаппай хабарландырулары бар.

 

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 196-бабына сәйкес тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс.

 

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

– Осыған байланысты Алатау ауданының прокуроры сотқа сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы өтінішпен жүгінді. Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды. Материалдар ҚР ҚК-нің 128-бабында көзделген қылмысты жасау, яғни адам саудасы мәніне тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді, – деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгені айтылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Қ
Қарлығаш 29.06.2022
Бсланы тастаған көкек ананыда жәнеде баланы сатқан адамдардыда өмір боиы бас бостандығынан айыру керек қазір сондай бір сәбиге жете алмай отырғандар қаншама шет елге кеткенше өзіміздің қарапайым қазағымызға берсін
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл