Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банк цифрлық валютаны енгізуді зерттеп жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Банк мамандарының ақпаратына сәйкес, қазіргі кезде Қазақстанда цифрлық валютаны енгізудің түрлі сценарийлері бойынша баяндама әзірленіп жатыр.
«Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің 28 орталық банкімен бірге цифрлық валюталар бойынша негізгі халықаралық зерттеу тобының жұмысына қатысады. Ұлттық Банк мамандары Халықаралық есеп айырысу банкімен және Халықаралық валюта қорымен бірлесе отырып, цифрлық валютаны реттеу тәсілдерін зерделей бастады», - делінген хабарламада.
Қазақстанда цифрлық валютаны енгізудің әр түрлі сценарийіне арналған баяндама 2021 жылдың екінші жартысында жарияланады деп жоспарланған. Аталмыш валютаны енгізу кезең-кезеңімен пилоттық жоба ретінде іске асырылады.
Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Банкі Қытай Халық Республикасында, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінде, Канадада, Сингапурда және Еуропалық Одақта цифрлық валютаны енгізу жөніндегі пилоттық жобаларда бақылаушы болып табылады.