469.52
553.75
6.15
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде ҰБТ жүйесі жаңарады: білім беру жаңа кезеңге қадам басты
Жаңалықтар

Елімізде ҰБТ жүйесі жаңарады: білім беру жаңа кезеңге қадам басты

17.04.2026
мин
1
286

Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғырту және адами капиталды дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, адами капиталға инвестиция салу – жаңа Конституцияның прогрессивті қағидалары мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саясаттың өзегін құрайды. Бүгінде әлем елдері білім беру саласында жаңа модельдерді енгізіп, цифрлық технологияларды кеңінен қолданып, халықаралық ынтымақтастықты күшейтіп жатыр.

Бұл үрдістер оқушылардың қабілетін ерте анықтап, таланттарды жан-жақты қолдауға және жеке білім беру траекторияларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде білім беру жүйесі тек теориямен шектелмей, нақты дағдыларды меңгерген, еңбек нарығына бейім мамандар даярлауға бағытталуда.

Аида Балаеваның атап өтуінше, бұл – кезекті реформа емес, білім саласының сапалы жаңа кезеңге көшуі. Осы тұрғыда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру, оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) жаңарту ерекше маңызға ие.

Көпжылдық тәжірибе ҰБТ жүйесінің жоғары оқу орындарына түсу кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ететін тиімді құрал екенін көрсетті. Алайда уақыт талабына сай білім беру трендтері мен еңбек нарығы өзгеріп отырғандықтан, бұл жүйені жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Министр қазіргі жүйедегі бірқатар кемшіліктерге де тоқталды. Мәселен, ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру мүмкіндігі талапкерлерді сапалы іріктеуге толық мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының талапкерлерді өз бетінше іріктеу мүмкіндіктері де шектеулі.

Осыған байланысты бірнеше маңызды өзгеріс ұсынылып отыр.

Біріншіден, педагогикалық жоғары оқу орындарына түсу кезінде гибридті бағалау жүйесін енгізу жоспарлануда. Яғни тестілеумен қатар арнайы емтихандар да қарастырылады. Бұл ретте талапкерлердің тек пәндік білімі ғана емес, ойлау қабілеті, талдау дағдылары және коммуникациялық мүмкіндіктері де бағаланады.

Өйткені педагог мамандығы – ерекше жауапкершілікті талап ететін сала. Мұнда біліммен қатар, оқушылармен жұмыс істеу, олардың қабілетін анықтау және дамыту маңызды рөл атқарады.

Келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ нәтижесімен бірге ауызша емтихандар да ескерілмек. Сонымен қатар халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленіп жатқан Admissions Insight Test тапсырмалары енгізіледі.

Екіншіден, ҰБТ-ны толық жаңғыртып, оны бір рет тапсыру жүйесіне көшіру ұсынылуда. Бұл нәтиже грант конкурсына қатысуда негізгі әрі объективті көрсеткіш болмақ. Ал талапкерлер үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталып, өз білім деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, жоғары оқу орындарына дайындық бағдарламалары арқылы шартты қабылдау тәжірибесінен бас тарту көзделіп отыр. Себебі статистикаға сәйкес, мұндай жолмен қабылданған студенттердің 50-60 пайызы оқу барысында қажетті шекті баллды жинай алмайды.

Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер талапкерлердің мамандықты саналы түрде таңдауына және білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Жалпы, ұсынылып отырған жаңашылдықтар тестілеуден бас тарту емес, керісінше, дарынды әрі қабілетті жастарды әділ іріктеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Сарапшылар пікірінше, бұл бастамалар білім беру жүйесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, елдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалыптастырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ұ
Ұлжан 17.04.2026
Балдардың да ата ананың да миын су қылды.Ойларына келгенді жасап.Айналып келненде мемлекеттің ақшасын құрту.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл