Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде зейнетақы жинағын пайдалану бойынша бірқатар ережелерге түзетулер енгізілмек. Тиісті құжат "Ашық НҚА" сайтында қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Зейнетақы қаражатын Отбасы банкіндегі жинақтаушы салымға аудару туралы тармақ қосылды.
Десе де, тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартты бұза отырып, банктегі депозиттен зейнетақыда жиналған соманы шешім алуға болмайды. Бұл қаржыны мақсатсыз пайдалану деп саналады. Мұндай жағдайда ақша БЖЗҚ-ға 10 жұмыс күні ішінде кері қайтарылады.
Сондай-ақ өтініш берушінің жұбайынан (зайыбынан) немесе жақын туыстарынан басқа үшінші тұлғалардың пайдасына депозитті қайта табыстауға тыйым салынады.
Жақын туыстар қатарына ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері кіреді.
Сонымен қатар, кейбір мақсаттар үшін зейнетақыны өз қаражатын есептегеннен кейін пайдалануға рұқсат етіледі. Мысалы:
- сатып алу-сату, айырбастау шарттары бойынша толық төлеу үшін;
- меншігінде жер болған жағдайда жеке үй құрылысын бастау;
- кейіннен үйді пайдалануға беру туралы актіні ұсына отырып, жер учаскесін сатып алу;
- үлестік қатысу шарты бойынша пәтер сатып алу. Бұл жағдайда тұрғын үй кешені тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігіне ие болуы тиіс.
Айта кетейік, түзетулер жарты жылда екінші рет ұсынылып отыр. Бірінші нұсқа мамыр айында жарияланған. Ол кезде зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану ережелері әлдеқайда артық болған. Қазір талқыланып жатқан құжатқа өзгерістер енгізілген.
Жаңа түзетулерді талқылау 29 қыркүйекке дейін жалғасады.
Тағы көру