Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еліміздің көпірлерін цифрландыруға бағытталған жоба мақұлданды
Жаңалықтар

Еліміздің көпірлерін цифрландыруға бағытталған жоба мақұлданды

25.07.2023
2 мин
0
408
фото: stroiteh-msk.ru

Жылдың соңына дейін елімізде көпірлер мен құрылыстарды пайдалануды басқару жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Dauletten.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша жылдың басынан бастап Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары еуропалық әріптестерінің тәжірибесі негізінде көпірлер мен өткелдердің цифрлық базасын әзірлеуге кірісті. Өткен аптада «Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесі» (СУЭМ) жобасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетімен мақұлданды.

Институт сарапшылары бүгінгі таңда бағдарламаның прототипін жасап, оның негізгі модульдерін анықтап, бекітті. Ақпараттық жүйе интерфейсінің дизайны пысықталып жатыр. Бұдан басқа, автомобиль көпірлері мен жол өтпелерінің техникалық жай-күйін бағалау әдістемесі әзірленді.

Қазір ҚазжолҒЗИ мамандары Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының көпірлерін тексеру нәтижелерін өңдеуде. Жүйеге төрт құрылым енгізілді. Атап айтқанда, Қарқара ауылының жанындағы «Көкпек-Кеген-ТЮП» жолындағы көпір, Сарыжас ауылының жанындағы «Кеген-Нарынқол», Алматы облысы Көктал ауылының жанындағы Есік және Сарыөзек-Көктал ауылының жанындағы «Алматы-Талғар-Бәйдібек би». Жылдың соңына дейін базаға алғашқы 20 көпірді енгізу жоспарланып отыр.

Көпірлердің цифрлық базасын құру кезінде мамандар Дания, Финляндия, Германия, Норвегия, Оңтүстік Африка, Швеция, Швейцария және Ұлыбританияның тәжірибесіне сүйенді. Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесі — бұл құрылыстар туралы өзекті электрондық мәліметтерді, соның ішінде әрбір объектінің паспорттық деректерін және олардың ағымдағы жай-күйін тексеру нәтижелерін жинайтын заманауи ақпараттық жүйе. Жоба шеңберінде дрондардың көмегімен республикалық маңызы бар автожолдардағы барлық көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылатын болады. Деректер Көлік және жол құрылысы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, жобалау және жол-құрылыс ұйымдарының қызметкерлеріне жасанды құрылыстардың бірыңғай базасының сайтында қолжетімді болады.

Аталған жүйе пайдаланушыларға белгілі бір объект туралы қажетті деректерді тез табуға, сондай-ақ көпірлер мен өткелдер күтіп ұстау бойынша есептер мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, уақтылы және тұрақты диагностика, сонымен бірге бақылау мен талдау ақауларды ерте кезеңдерде анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Осылайша, Көпірлер мен басқа объектілерді күтіп ұстау шығындарының айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге болады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл