Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елорда әкімдігі кәсіпкерлердің несие алу өтінімін қабылдайды
Жаңалықтар

Елорда әкімдігі кәсіпкерлердің несие алу өтінімін қабылдайды

26.09.2021
1 мин
3
860

Елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін енгізу аясында кәсіпкерлік субъектілерінен несие алу туралы өтініштерді қабылдайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін қала әкімдігі кәсіпкерлік субъектілеріне тиісті қарыз шартын жасасу арқылы қайтарымдылық, мерзімділік, қамтамасыз етілу және ақылы шарттарда қарыз береді. Несие мөлшерін олардың белгіленген талаптарға сәйкес келетіні бойынша комиссия айқындайды. 

Іріктеу критерийлері мынадай:

- Азық-түлік өнімдерін тиісті түрде сақтауға және әлеуметтік маңызы бар

азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету, сол сияқты сатып алу және басқа операцияларды жүзеге асыруға арналған арнайы жабдықтары бар қоймалардың болуы, сонымен қатар басқа да үй-жайлардан тұратын сауда-логистикалық инфрақұрылымға ие немесе жалға беретін кәсіпкерлік субъектілері;

- өтінішті қарау кезінде кәсіпкерлер банкротқа ұшыраған болмауы керек;

- кәсіпкерлік субъектісі өнім берушілердің жосықсыз ұйымдарының тізімінде (қара тізімде) болмауы керек. Комиссияның несие беру мәселесін қарау үшін кәсіпкерлік субъектісі келесі ақпаратты ұсынады:

- несие сомасын, сондай-ақ шығындар бойынша қажетті есептеулерді азық-түлік өнімдерінің ұсынылатын тізімін, несиені өтеу мерзімдерін көрсететін өтініш;

- кредиторлық берешек және дебиторлық берешек, негізгі құралдар тізбесі көрсетілген алдыңғы және / немесе ағымдағы қаржы жылындағы қаржылық есептілік; (осы тармақта келісілген);

- шаруашылық жүргізуші субъектінің жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

- бірінші басшыны тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

- бірінші басшыны қоспағанда, өтінішке қол қою құқығында мүдделерін білдіретін тұлғаға (адамдарға) сенімхат;

- қолда бар несиелер және несие тарихы туралы мәліметтер;

- салық берешегінің және бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, жалақы бойынша берешектің және әлеуметтік аударымдардың болмауы туралы мәліметтер.

Несие алуға өтініш беру орны: «Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ. Мекенжайы: Бейбітшілік, 11.

Қосымша ақпаратты 55-14-78 телефоны арқылы алуға болады.

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8405 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
3 Пікір
Ж
Жанар 27.09.2021
Екінші баспана үшін алдық.
Жауап беру
Н
Набира 27.09.2021
Оз касбимды ашу
Жауап беру
Н
Набира 27.09.2021
Оз касбимды ашу
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл