Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елорда әкімдігінің жергілікті бюджетін оңтайландыру шамамен 43 млрд теңгені құрады. Үнемделген қаржы әлеуметтік сала, экономика, денсаулық және білім саласына бөлінген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«Президент тапсырмасына байланысты өнімсіз шығындарды азайту мақсатында жұмыстар атқарылды. Оңтайландырылған қаржы азаматтарды жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, әлеуметтік және қоғам үшін өзекті басқа салаларға бөлінді», - деді Алтай Көлгінов.
Оның айтуынша, экономиканың және инфрақұрылымның нақты секторын қолдауға 25,7 млрд-тан астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде, апаттық жағдайдағы үйлерді бұзу, жолдар, аулалар салу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу, шағын және орта бизнесті несиелеу, тұрақтандыру қорын толтыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұруға арналған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жұмыстары атқарылады. Ал білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмекке қосымша 10,5 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, медицина саласы бойынша әкімдіктің резервіне шамамен 6 млрд теңге қарастырылған.