Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Елорда жастары» бағдарламасы басталғаны рас па?
Жаңалықтар

«Елорда жастары» бағдарламасы басталғаны рас па?

01.06.2023
1 мин
0
863

«Елорда жастары» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды. Бағдарламаға жасы 35-ке дейінгі мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет, спорт, әлеуметтік және коммуналдық қызметкерлер қатыса алады. Бұл туралы КТК мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бағдарламаны іске асыруға Астана қаласының әкімдігі мен «Отбасы банкі» 3 млрд теңге бөлген. Бұл қаражат бағдарламаның 200-ге жуық қатысушысына жетеді. Несие мөлшерлемесі – 5% және ең жоғары сомасы 18 миллион теңге болады. Өтініш qatysu.zhilfond.kz сайтында қабылданады. Бұл үшін электронды цифрлық қолтаңба керек. Үміткерлер балл жүйесімен іріктеледі, – делінген хабарламада.

«Тұрғын үй қоры» КММ-ның хабарлауынша, бағдарламаға қатысушы Астана қаласында кем дегенде кейінгі бір жыл ішінде тұрақты тіркеуде болуы қажет. Әрі жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауға тиіс.

Сонымен бірге, «Отбасы банкінде» сатып алатын баспана құнының 10 пайызы, яғни 1 млн 800 мың теңге алғашқы жарнасы бар депозиті болуы керек. Өз атында баспанасы бар адамдар бағдарламаға қатыса алмайды.

Егер отбасында бірнеше мүгедек болса, онда оның әрбіріне балл есептеледі. 60 күннің ішінде пәтер алып үлгермесе, кезектегі балы төмен адамға мүмкіндік беріледі.

Фото: ғаламтордан

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл