«Елорда жастары» ипотекасына өтініш беру 30 мамырда басталады
22.05.2023
2 мин
2
1087
30 мамырда Астанада «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті несиеге өтініштер қабылдау басталады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Бағдарлама жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, журналистерге, мәдениет қызметкерлеріне, спорт қызметкерлеріне, университет профессорлары мен ғылыми қызметкерлерге, әлеуметтік сала өкілдеріне, коммуналдық қызмет, ішкі істер департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне, сондай-ақ Астана қаласында «Жетім балалар» санаты бойынша баспана кезегінде тұрғандар жеке тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие береді», - делінген хабарламада.
Өтініш берген кезде 35 жасқа дейін (қоса алғанда).
Соңғы бір жылда Астана қаласында үздіксіз тұрақты тіркеудің болуы.
«Отбасы банкінде» депозиттің болуы және өтініш берген кезде 10% бастапқы жарнаның болуы (депозиттің бар екендігі туралы анықтама немесе шоттан үзінді көшірме).
Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйі немесе меншік құқығындағы тұрғын үйі болмаған.
Зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталған өтініш берген кезде соңғы бір жылдан кем емес Астана қаласында таңдаған мамандығы бойынша қызметтік жұмыс өтілі.
Отбасының әрбір мүшесінің соңғы алты айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің алты деңгейінен немесе 243 402 теңгеден аспауы керек (зейнетақы жарналарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті жарналарды есепке алмағанда);
Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.