Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласында биыл 25 тұрғын үй кешені толық жөндеуден өтеді. Жұмыс «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық құрылыстың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде хабарлады.
Оның айтуынша, тұрғын үй кешендерінде шатыр, кіреберістер мен жертөлелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ пәтер иелері сметалық құжаттаманы бекітеді, мердігерлік ұйыммен келіседі және орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысады.
Келесі жылы осы бағдарлама бойынша тағы 25 тұрғын үй кешенін жөндеу және 30-дан аса жеделсатыны ауыстыру жоспарланған.
Бағдарламаға қатысу үшін «Өркен қала», Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша өтінім беруге болады.