| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада мектеп директоры мен бас есепші 588 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2015–2024 жылдары олар іс жүзінде жұмыс істемеген алты еден жуушыны штатқа тіркеп, сол арқылы шамамен 29 млн теңгені иемденген.
Сондай-ақ 2018–2024 жылдары «0» сыныптарды ұйымдастыру кезінде ата-аналардан жиналған 305 млн теңге заңсыз пайдаланылған.
Бұдан бөлек, лагерь қызметіне бөлінген 25 млн теңге мен шетелдік мұғалімдердің жалақысын негізсіз көтеру арқылы, делдалдар көмегімен мектептің тағы 75 млн теңгесі жымқырылған.
Сот шешімімен директор 8 жылға, бас есепші 7 жылға бас бостандығынан айырылды.