Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада АӨСШК Жастар кеңесінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше елдердің волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының слеті өтіп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жиынға Қырғызстан, Ресей, Шри-Ланка, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Иран, Таиланд, Тәжікстан, Бахрейн және т.б. сияқты 21 елден 450-ден астам делегат қатысып жатыр. Олар волонтерлік қызметтің негізгі мәселелерін және оның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөлін талқылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, слеттің бірінші күні аясында "Қоғамдағы волонтерлік қызметтің маңыздылығы: Азия елдерінің тұрақты дамуына жәрдемдесудегі волонтерлік қызметтің рөлін талқылау" тақырыбында АӨСШК Жастар кеңесінің отырысы өтті. Онда мәдениетаралық диалогқа және қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.