Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жуырда Астанада «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері» атты кездесу өтеді. Іс-шара 2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күнімен тікелей байланысты деп, хабарлайды Dauletten.kz.
«Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырған кездесу TED TALK форматында болады. Онда аутизмі бар балалардың ата-аналары тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтады. Одан бөлек, ерекше балалардың бауырлары сөз сөйлеп, ерекшеліктері бар баламен бір отбасында тәрбие алу жайлы айтады.
Іс-шараға психотерапевтер, психиатрлар және басқа да мамандар қатысады. Сондықтан ерекше балаларды тәрбилеп отырған отбасы мүшелері үшін де, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін де пайдалы болмақ.
Кездесуге «Autism. Қол жетімді орта» қайырымдылық қорының және «Қамқор Әке» аутизмі бар балалардың әкелер қоғамдастығының басшылары, Ақтөбелік Руслан мен Сара Қазыбаевтар, «Ерекше бақыт» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, заң ғылымдарының магистрі Светлана Ордабай, балалар психиатры Татьяна Дегтярь, мінез-құлық талдаушысы, «Болашақ» қорының кураторы Айнұр Нұрова және «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан сынды басқа да қонақтар сөз сөйлейді.
Олар оқыту мен мінез-құлықты түзетудің тиімді әдістемелері, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, ерекше балалар мен олардың отбасыларының құқықтары, ерекше бала тәрбиеленетін отбасындағы ерлі-зайыптылардың бір-бірін өзара қолдаудың маңыздылығы, аутизм бар егіздерді тәрбиелеудің ерекшеліктері және басқа да тақырыптарды талқылайды.
Іс-шара сауран 44, «Конгресс-центрдің» «ASPAN» залы мекенжайы бойынша 2 сәуір күні, сағат 14:00-де өтеді.
Фото: ашық дереккөзден