Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада Есіл өзенімен өтетін LRT көпірінің құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
City Transportation Systems компаниясының ақпараты бойынша көпірдің ұзындығы - 155 метр, ені - 14 метр, биіктігі - 28 метр. Құрылымның теменгі жатында LRT көлігі өтетін жолағы бар арка түрінде жасалған. Ал аралық доғасы байлау шыбықтарымен жабдықталған.
Жол төсемі темірбетон тақтасы бар арқалық тор түрінде жасалған. Көпір Есіл өзені үстіндегі қолданыстағы автокөпірдің жанында орналасқан. Бұл жаңа нысанды қала инфрақұрылымына кедергісіз салуға мүмкіндік береді. Құрылым су деңгейінің және аймақтың климаттық жағдайындағы ықтимал өзгерістерге төтеп беру үшін өзеннің ерекшеліктерін ескере отырып жобаланған, - делінген таратылған ақпаратта.