Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтанда 6 млрд теңгеден астам сомаға құрылыс материалдарының тағы үш өндірісі іске қосылады. Бұл туралы елорда әкімдігінде хабарлады.
«Астана – жаңа қала» аумағында жаңа өндіріс орындарын құру жоспарлануда. Оларды іске асыру мерзімі 2020-2023 жылдарға белгіленген. Ақпаратқа сәйкес, инвестицияның жалпы көлемі 6,7 млрд теңгені құрайды. Нәтижесінде, 240-тан астам адам жұмыспен қамтылмақ.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, нвесторлар фироцемент плиталарын өндіруді жолға қояды. Бұл жобаға салынған инвестиция 3,7 млрд теңге. Оны іске қосу 2022 жылға жоспарланған. Өндіріс орны 110 адамды жұмыспен қамтамасыз ете алады.
Құрылыс индустриясы жүзеге асырып жатқан екінші жоба – газдалған бетон блоктарын шығаратын зауыт. Оның құны 2,6 млрд теңгені құрауы мүмкін. Кәсіпорынды іске қосу есебінен 100 адам жұмыспен қамтылады.
Сондай-ақ, арнайы экономикалық аймақтың аумағында 2021-2023 жылдары бетон зауыты салынады. Бұл жобаға салынған инвестиция 478 млн теңгені құрайды. Кәсіпорында сағатына 400 немесе жылына 884,8 мың өнім шығару жоспарланған.
Тағы көру