Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды
Жаңалықтар

Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды

07.10.2021
1 мин
43
9504

Елордада жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру 14 қазанда басталады. Қуанышты жаңалықты Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Әкімнің айтуынша, жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру елорданың жас мамандарына арналған.

"Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында "жетім балалар" санаты бойынша тұрғын үйге кезегінде тұрған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдениет және спорт салалары, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, полиция департаменті, төтенше жағдайлар қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындардың бейінді қызметкерлеріне арналған", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға "Отбасы банк" мен 2021-2023 жылдарға арналған "Elorda Jastary" бағдарламасы көмектеседі.

Бағдарламаның шарттары қандай:

  • Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда, жұбайының/зайыбының жасы маңызды емес) жастар қатыса алады.
  • қалада кемінде бір жыл тіркеуде тұруы қажет,
  • "Отбасы банкте" жинақ шоты бар болуы керек,
  • бағдарлама үміткерінің жеке тұрғын үйі болмауға тиіс (соңғы 5 жыл ішінде),
  • ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы шарт.

Осылайша, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 18 млн теңгеге дейін қарыз ала алады (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз. Қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 14 қазанда басталады, qatysu.zhilfond.kz порталында жүзеге асырылады.Қатысушылардың санаттары, тұрғын үй алу талаптары мен алгоритмі бойынша қосымша ақпаратпен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ сайтында (zhilfond.kz) танысуға болады. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін қатысушыларды іріктеу балдық жүйеге сәйкес басталады.

Төменде санамаланған қызмет салаларының бірінде Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан мемлекеттік қалалық, республикалық мекемелерде немесе кәсіпорындарда соңғы 1 жылдан кем емес еңбек қызметін жүзеге асыратын:
- Медицина қызметкерлері;
- Педагогикалық қызметкерлер;
- Мәдениет саласының қызметкерлері;
- Жаттықтырушылар мен спортшылар-оқытушылар;
- Әлеуметтік сала қызметкерлері;
- Ғылыми ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен қызметкерлері;
- БАҚ қызметкерлері, журналистер (мемлекеттің 100% қатысуымен);
- Коммуналдық кәсіпорындардың/мекемелердің қызметкерлері;
- Полиция департаменті (оның ішінде бөлімшелер);
- Төтенше жағдайлар департаменті  және қандай да бір қызмет саласына жатпайтын, бірақ Нұр-Сұлтан қаласында "Жетім балалар"санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар да қатыса алады.

"Сонымен қатар, биыл Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын жалғастырамыз. Осы бағдарлама аясында бір мыңнан астам жас баспаналы болады", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2623 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
43 Пікір
У
Улжан 16.11.2021
Қашан результатын білеміз өткен өтпегенінмфізді
Жауап беру
У
Улжан 08.10.2021
Тек Нурсултан каласындама или Шымкенттеде барма осы багдарлама
Жауап беру
А
Айтолқын 07.10.2021
Ақтөбе қаласында осындай жастарға бағдарламасы қашан болады екен
Жауап беру
А
Айгерим 07.10.2021
Неге тек госслужбада жүргендерге ғана береді, бәріне берсеғой
Жауап беру
А
Ақерке 08.10.2021
Айгерім ботақан, имменно гос службаға берілмейді екен. Менің күйеуім госслужищий, бізге берілмейді
Жауап беру
А
Айбек 07.10.2021
Бағдарламаға қатысу үшін үй кезегінде тұру керек па?
Жауап беру
А
Айбек 07.10.2021
Қалада тіркеу бойынша мен осы жылы көктемде тұрақты тіркеуге тұрдым оған дейін тұрған жерімнен шығарып салыпты, бағдарламаға қатыса аламба?
Жауап беру
Ж
Жулдыз 07.10.2021
Неге тек елорда басқа қаланың жастары жас емеспа сонда, ылғи тек елорда болады
Жауап беру
Ж
Жазира 07.10.2021
Екеуініңде атында уй болмау керек пе ерли зайыптылардың
Жауап беру
И
Инкар Жанузакова 07.10.2021
Ия соңғы 5 жылда
Жауап беру
А
Акма 07.10.2021
Елордадан баска калада жастар жокпа екен сонда? Калай кызык ?
Жауап беру
Г
Гулнур 07.10.2021
Бар,Алматы жастары ол отип кетти. Казакстанын еки каласында гана бар осы программа әзірге
Жауап беру
Г
Гулнур 07.10.2021
Мемлекеттік үй кезегінде тұру міндетті ме?
Жауап беру
И
Инкар Жанузакова 07.10.2021
Жоқ
Жауап беру
Ж
Жанат 07.10.2021
Жалгыз басты аналар багдарламага катысама
Жауап беру
Ж
Жанат 07.10.2021
Жалгыз басты аналар багдарламага катысама
Жауап беру
А
Алма 07.10.2021
Тек Нұрсултан қаласы ғана емес басқа қалаларда да жастар баспаналы болса екен, табысының көбшілік бөлшегі жалдамала пәтерге кетеді
Жауап беру
А
Айжамал 07.10.2021
Кандай документ жинау керек
Жауап беру
А
Айнура 07.10.2021
Жастар деп бөліп жармай кім жұмыс істейді, төлей алады сол адамға бере берсе екен
Жауап беру
Г
Гаупа 07.10.2021
Кызык кол жумыс строикада жекелеген жумыс жасап журген жастар коп оздери квартирада турады.олар адам емеспа.халыкты бирдеи кору керек кои.баска калалар ше...
Жауап беру
Д
Дина 07.10.2021
НЕГЕ ИМЕННО ЕЛОРДА БАСКА ОБЛАСТЬТТАР? НЕГЕ БИРДЕЙ АШЫЛМАЙТ БАГДАРЛАМА ЛЮБОЙ БАГДАРЛАМА ЕЛОРДА НЕМЕСЕ АЛМА.АТА.
Жауап беру
А
Айгул 07.10.2021
Алматыда кашан болады.Алматы жастарына
Жауап беру
С
Сауле 07.10.2021
Қостанай қаласының жастарына жоқ па?
Жауап беру
П
Пикир 07.10.2021
Сәлеметсіз бе? 6айлық жалақы көрсеткіші бар анықтамада жазғы отпускіміз көрсетіледі ғой. Олай болса жан басына шаққандағы ақшамыз көп болып кетпейді ме? Сол жағы қалай қарастырылады?
Жауап беру
Ж
Жанар Сембаева 07.10.2021
Алматыда кашан ашыдады
Жауап беру
А
Айгуль 07.10.2021
Тек Нұрсұлтан қаласындама, басқа қалалалардада болама
Жауап беру
П
Пикир 07.10.2021
Даулет мырза, озынызде тусинип турган шыгарсыз. Бул багдарлама атына сай емеской. Осыны билик басындагыларга жеткизсениз сизге ракмет. Жогарыда айтылган санаттан баска салада жумыс истейтиндер елорда жастары емес пе?
Жауап беру
Р
Рысжан 07.10.2021
Алматыда кашан?
Жауап беру
А
Алтын 07.10.2021
Түкте қуанатын жағдай емес,гос орында істемейтін жастарды неге қолдамайды осы?қаншама жастар үйсіз жүр..
Жауап беру
А
Айдана 07.10.2021
Сотқа жүгіну керек
Жауап беру
Р
Роза 07.10.2021
Уй қандай болу керек Первичка ма әлде вторичка?
Жауап беру
Э
Эльмира 07.10.2021
Без разницы
Жауап беру
Р
Роза 07.10.2021
Уй қандай болу керек Первичка ма әлде вторичка?
Жауап беру
А
Айтолқын 07.10.2021
Алматыда қашан ашылады?
Жауап беру
О
Орал 07.10.2021
Алматы жастары қашан басталады?
Жауап беру
Э
Эльмира 07.10.2021
Алматыда баяғыда басталып қойған
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл