Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада жеңілдікпен берілетін 10 мың пәтер салынады
Жаңалықтар

Елордада жеңілдікпен берілетін 10 мың пәтер салынады

05.05.2021
1 мин
4
1374

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде жеңілдікпен салынатын пәтерлер саны көбейетінін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорданың әр ауданын "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында орталықтандырып дамытудамыз. Сонымен қатар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін абаттандыруға, қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) ашуға және көгалдандыруға ерекше көңіл бөлеміз.

Бүгін қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Тұрғын үй кешендері Алматы ауданында ("Метро" жағында) орналасқан. Аумақты абаттандыруға, көгалдандыруға, тұрғын үй кешеніне кіру топтарын құруға ерекше назар аудара отырып, құрылыс сапасын бірінші орынға қоюды тапсырдым.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдікпен берілетін тұрғын үй санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Егер 2018 жылы 1800, 2019 жылы 2900 пәтер салынып, пайдалануға берілсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 7 мың әлеуметтік пәтерге ұлғайтылды. Осы жылы көрсеткішті 10 мың қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үйге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бұдан әрі жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандарды сумен, кәрізбен және жылумен қамтамасыз ету үшін 3-ЖЭО (1-кезек, жылумен жабдықтау), КТҚ-2 (кәріздік тазарту құрылыстары) және СЖ-3 (сумен жабдықтау) жобалауын, құрылысын жүргіземіз», — деп жазды қала әкімі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
А
Алуа 06.05.2021
Алла тагалам керемет заулим сарай насип етсин )
Жауап беру
Р
Раихан 05.05.2021
Алла қаласа бізге де бурсын
Жауап беру
А
Азамат 05.05.2021
Бізге бұйырғса екен керемет жаналық
Жауап беру
А
Алия 05.05.2021
Жақсы жаңалық бұйырсын
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл