Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жыл басынан бері астаналық өрт сөндірушілер 3,5 мыңнан астам шұғыл шақыруға барған. Бұл туралы елордалық Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы айтып берді, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында жыл басынан бері 3 534 жедел жету жүзеге асырылды, оның ішінде 194 адам құтқарылды, 222 адам эвакуацияланды, 78 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді», - деді Е. Отарғалымұлы Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Спикердің айтуынша, қала аумағында жыл басынан бері 397 өрт тіркеліп, 4 адам қаза тапты және 28 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
«Өрттердің ең көп саны азаматтық қорғау органдарының бақылауынан тыс нысандарда орын алуда, әсіресе тұрғын үй секторында 161 жағдай, көлік құралдарында – 136, жаңадан салынып жатқан объектілерде – 21 өрт болды, бұл барлық тіркелген өрттердің 80% құрайды», - деді басқарма басшысы.