Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордадағы жаңа көпір қашан ашылады
Жаңалықтар

Елордадағы жаңа көпір қашан ашылады

17.05.2022
1 мин
1
1040

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы мен №38 көшенің арасын жалғайтын көпір келесі жылы қолданысқа беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Уваев айтты.

Есіл өзенінің оң және сол жағалауларын жалғайтын 5 автожол көпірі қолданыста. Бүгінде қаланың бұл бөлігінде Мәңгілік ел және Тұран көшелері ең негізгі көлік магистралі болып отырғанын білесіздер. Олардың жүктемесі өте тығыз. Сол үшін Есіл өзені арқылы оң және сол жағалауды жалғайтын 2 көпір салынып жатыр. Бірі Тәуелсіздік және №38 көшенің арасын жалғаса, екіншісі Ұлы Дала және Нәжімеденов көшелерінің арасын жалғайды. Бұл 2 көпір қолданысқа берілсе, Мәңгілік ел көшесіндегі көлік қозғалысының тығыздығы 20 пайыз төмендейді деген есеп бар. Биыл шілде айында Ұлы Дала және Нәжімеденов көшелерінің арасын жалғайтын көпір қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Қазір аспалы жолдардың бәрі төселген. Енді көпір аралықтарын орнату ғана қалды. Бірінші қабаты бітіп қалды. Кеше ғана барып көріп қайттым. Бұл көпір қолданысқа берілсе, Сол жағалаудағы көлік кептелістері азаяды деген үміт бар. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Уваев.

Ал Есілдің бойына түсетін екінші көпір келесі жылы салынып бітуі керек.

«2023 жылы Тәуелсіздік және №38 көшелердің арасын жалғайтын көпір қолданысқа берілуі керек. Қазір көпір салынып жатыр. Жоба өте ауқымды. Құрылыс кестесі бойынша келесі жылға жоспарланған. Сондықтан 2023 жылы осы 2 көпір толық қолданысқа еніп, көлік ағындары қайта реттеледі деп ойлаймын», - деді департамент өкілі.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15358 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Н
Нургуль 17.05.2022
Гарбатый мост жөнделсе екен. Өткен сайын қррқамыз. Құлап кетек мп деп
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл