Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Ең төменгі айлық көрсеткіш деген не? Бұл – ауадан алынған цифр"

23.09.2020
1 мин
6
1947

Әлеуметтік төлемдерді белгілегенде тұтынушылық қоржынды есепке алу қажет. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз зейнетақы, минималды жалақы және тағы басқа төлемдерді есептегенде ең төменгі айлық көрсеткіш сияқты шартты көрсеткіштерден бас тартуымыз қажет. Бұны талай рет айтқанбыз. Ең төменгі айлық көрсеткіш деген не? Бұл – ауадан алынған цифр", - деді Перуашев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Депутаттың айтуынша, әлеуметтік төлемдерді санағанда тұтынушылық қоржынды есепке алу қажет. Оған бір адамға жететін минималды азық-түлік жиынтығы, коммуналдық шығындар және қоғамдық көлікке кететін ақша кіреді.

"Өркениетті елдерде тұтынушылық қоржынға мәдени демалыстың шығындары да кіреді. Мысалы, театрға баруға кететін ақша бар. Бұдан бөлек, киім-кешек алу қажет. Осының бәрін есептесек, еліміздегі нақты күнкөріс деңгейін шығара аламыз", - деп атап өтті Перуашев. 

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік органдардың өздері белгілейтін ең төменгі айлық көрсеткіштің салдарынан көптеген азамат кедейшілік шегінен аса алмай жатады. Бұны 42 500 теңгені тарату науқаны ашық көрсетті. Миллиондаған адам ақшалай көмекке зәру болып қалды.

"Сондықтан осындай ең төменгі айлық көрсеткіш сияқты абстрактылы ұғымдардан бас тартуымыз қажет. Оны нақты өмір сүру деңгейі мен талаптарына сай келтіру керек", - дейді Перуашев.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Ж
Жансая 27.09.2020
Дурыс айтылган
Жауап беру
4
42 мын га тук туспейды 4 балам бар ия тамака ия киемге ия карызга толеугеде жетпмды 5 мынмен магазин ге барсан тук аламай кайтасын соны шыгарган адам озыне сонша акша ыстап журмекен 23.09.2020
Шолпан
Жауап беру
Ж
Жанар 23.09.2020
Оте дурыс айтылған
Жауап беру
Ш
Шолпан 23.09.2020
42500 теңге 2 апталық продуктаңа да жетпиды, ал сол ақшаны жоғарыда отыратын чиновниктер күніне жаратады
Жауап беру
Л
Лариса 23.09.2020
Үлкен мегаполисте бұл айлық түкте емес
Жауап беру
Н
Нұржамал 23.09.2020
Дұрыс қарапайым халықтың айлықтары жетпиді.менің айлығым 45 мың оның 4500 т/ сін пенсионкаға ұстайды
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл