Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Ең үздік студенттік топ – 2025" байқауының жеңімпаздары анықталды

14.11.2025
мин
0
142

Алматы қаласында Халықаралық студенттер күніне орай "Almaty Students Week" және "Jas Gala" жобалары аясында "Ең үздік студенттік топ – 2025" қалалық байқауы өтті. Шара Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Алматы студенттер альянсының ұйымдастыруымен ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жобаның негізгі мақсаты – студенттердің тұлғалық дамуын қолдау, азаматтық белсенділігін арттыру, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Сонымен бірге, университеттік дәстүрлерді нығайтуға және шығармашылық ортаны дамытуға бағытталған.

Байқауға Алматы қаласының жоғары оқу орындарынан ең үздік деп танылған 10 ЖОО-дан 10 студенттік топ қатысты. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде студенттік топтар өз жоғары оқу орнын және мамандығын таныстырып, жобалық жұмыс, әлеуметтік белсенділік пен креативтілік бойынша бағаланды. Екінші кезеңде финалға өткен топтар өздерін таныстырып, өнер көрсетіп, интеллектуалдық және шығармашылық бағытта сынға түсті.

Сайыс үш кезеңнен тұрды:

• Қалалық іріктеу кезеңі

• Жартылай финал

• Финалдық кезең

Байқаудың қорытындысы бойынша үш жеңімпаз топ анықталып, жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға:

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

I орын — "Шырақ" Қазақ Ұлттық қыздар педогогикалық университеті ж/е "AHEU жастары" Алматы гуманитарлық экономикалық университеті студенттік топтары

II орын — Нұр-Мүбарак университеті "Шабыт" ж/е Нархоз университеті "Smart generation" студенттік топтары

III орын — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті "QGNT" ж/е әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Farabi НСО" студенттік топтары

Жүлде қоры: 1 000 000 теңге

I орын — 500 000 теңге

II орын — 300 000 теңге

III орын — 200 000 теңге

Шара барысында концерттік бағдарлама және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегелер арнайы Алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл