491.29
562.92
6.1
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еңбек шартын тіркеу міндетті: талапты бұзғандарға айыппұл қанша?
Жаңалықтар

Еңбек шартын тіркеу міндетті: талапты бұзғандарға айыппұл қанша?

13.03.2026
мин
0
188
Сурет: stan.kz

Қазақстанда жұмыс берушілер үшін еңбек шарттарын арнайы жүйеде тіркеу міндетті. Талапты орындамағандарға айыппұл қарастырылған. Оның көлемі бизнес санатына байланысты өзгереді, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Елімізде жұмыс берушілер қызметкерлерімен жасалған еңбек шарттары туралы мәліметті Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуі тиіс. Бұл жүйе еңбек қатынастарын ашық жүргізу және қызметкерлердің құқықтарын қорғау үшін қолданылады.

Соңғы күндері көптеген компания деректерді жүйеге жаппай енгізе бастаған. 10–11 наурыз аралығында тәулігіне шамамен 100 мыңға жуық еңбек шарты тіркелген. Мұның салдарынан жүйеге уақытша жүктеме түскен. Қазір HR Enbek порталы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Жауапты органдардың мәліметінше, еңбек шартын жүйеге енгізбеген немесе кеш тіркеген жұмыс берушілер бірден айыппұл төлей салмайды. Жаза тек ресми тексеріс кезінде заңбұзушылық анықталған жағдайда ғана қолданылады. Алдымен жұмыс берушіге кемшілікті түзету жөнінде ескерту беріледі.

Айыппұл бірнеше жағдайға байланысты қарастырылған. Атап айтқанда, еңбек шарты туралы мәліметті мүлде енгізбеу, деректерді кеш тапсыру немесе жүйеге толық емес не қате ақпарат беру заңбұзушылық болып саналады.

Алғаш рет анықталған жағдайда айыппұл мөлшері мынадай:

лауазымды тұлғаларға – 30 айлық есептік көрсеткіш;

шағын бизнес пен үкіметтік емес ұйымдарға – 60 айлық есептік көрсеткіш;

орта бизнеске – 80 айлық есептік көрсеткіш;

ірі бизнеске – 150 айлық есептік көрсеткіш.

Егер бұл талап бір жыл ішінде қайта бұзылса, айыппұл көлемі арта түседі. Мұндай жағдайда лауазымды тұлғалар 60 АЕК, шағын бизнес 80 АЕК, орта бизнес 100 АЕК, ал ірі бизнес 200 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Қазіргі уақытта жүйеде 6,5 миллионнан астам қолданыстағы еңбек шарты тіркелген. HR Enbek платформасына қатысты сұрақтар туындаса, азаматтар 1414 байланыс орталығына хабарласа алады. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл