Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді ХҚКО қызметкерін үйге шақыруға болады
Жаңалықтар

Енді ХҚКО қызметкерін үйге шақыруға болады

29.08.2024
1 мин
0
1162

Енді ХҚКО жеке менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден шықпай алуға болады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

Енді қазақстандықтарға мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыратын жаңа сервисті пайдалана алады. Белгіленген уақытта маман көрсетілген мекенжайға барып, мемлекеттік қызметті көрсете алады.

ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда мемлекеттік қызмет түрінің кез келгенін көрсете алады.

"Пилоттық жоба Қазақстанның барлық өңірінде іске қосылды. Сервисті пайдалану үшін мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында "жеке менеджерді үйге шақыру" батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру қажет. Сондай-ақ өтінімдерді 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да беруге болады", - дейді ведомство.

"Азаматтарға арналған үкімет" мамандары мәліметтерді нақтылау мақсатында және менеджердің келу уақытын белгілеу үшін қызмет алушымен байланысқа шығады.

Еске сала кетейік, мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу жобасын да іске асырған болатын. Қазіргі уақытта 144 мемлекеттік қызмет бойынша құжаттар жеткізіледі. Олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, апостиль қойылған құжаттар, мұрағаттық анықтамалар беру қызметтері бар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл