Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің киберқылмыспен күрес департаменті қазақстандықтарды алаяқтық схемаларға қатысудың ауыр салдары туралы ескертті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ІІМ мәліметінше, жеңіл табыс іздеген көптеген қазақстандықтар қылмыстық және азаматтық жауапкершілікті түсінбестен, “дроп” деп аталатын адамдардың рөлін атқарып, алаяқтардың еріксіз серіктесіне айналып жатады.
- 2024 жылы осындай 1,2 мыңнан астам жағдай бойынша дроптардың банк карталары арқылы алаяқтардың шоттарына аударылған қаражатты өндіру туралы сот шешімдері шығарылды. Жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеден асты, – деп мәлімдеді ІІМ киберқылмыспен күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Сонымен қатар, қылмыстық схемаларға қатысқан 56 азамат интернет-алаяқтық жасауға жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
ІІМ азаматтарды қырағы болуға, жеңіл табыс туралы уәделерге сенбеуге және барлық күмәнді ұсыныстар туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.