Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қонаевта сотталғандарға қамқорлық пен рұқсат етілмеген заттарды өткізу үшін пара алған түрме басшыларына үкім шықты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы облысы Қонаев қаласының соты №57 ҚАЖД мекемесінің бұрынғы бастығы П. Писарев пен №12 ҚАЖД мекемесінің жедел бөлім басшысы Е. Бөлекбайды пара алу дерегі бойынша соттады.
Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары бұл басшылардың сотталғандарға қамқорлық көрсету және тыйым салынған заттарды бірнеше рет кедергісіз өткізу үшін пара алғанын анықтады.
Сот барысында жиналған дәлелдер негізінде П. Писарев кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Е. Бөлекбай 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.