Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар енді көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Dauletten.kz
Қазақстан Республикасының Жол жүрісі ережелерінің 88-бабы 5-тармағына сәйкес, елді мекендерде қозғалтқышы қосулы көліктердің тұруы, егер ол тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тыйым салынады.
Бұл талапты бұзған көлік жүргізушілеріне 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады:
АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 2024 жылы — 18 460 теңгені құраса, биыл — 19 660 теңгеге жетті.
Егер көлік жүргізушісі бұл ережені 12 ай ішінде қайта бұзса, айыппұл мөлшері 10 АЕК 39 320 теңгеге дейін артады.