Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылдың 30 маусымынан бастап Қазақстан азаматтары Ресейге бару үшін жаңа ережеге сай әрекет етуі тиіс, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Енді шекарадан өту үшін сапарға шығардан 72 сағат бұрын арнайы цифрлық профильді толтыру міндетті болады.
Бұл талап RuID деп аталатын жаңа мобильді қосымша арқылы жүзеге асады. Қосымшада:
– Жеке мәліметтер
– Фото
– Медициналық сақтандыру туралы ақпарат енгізілуі керек.
Жүйе заңсыз көші-қонды шектеу мақсатында енгізіліп отыр және барлық шекара бекеттерінде қолданылады.
Бұл ереже:
– 6 жасқа дейінгі балаларға,
–Ресейде тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйым қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне жүрмейді.
Ресейге кіру үшін әрбір азамат QR-код алуы тиіс. Бұл талап паспортпен де, жеке куәлікпен дешекара асатындарға ортақ.