| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда жол сапасын бақылау жаңа деңгейге шықпақ. Енді шұрық-тесік пен ақауларды дрондар автоматты түрде анықтайды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елімізде автомобиль жолдарының жағдайын бақылауға ұшқышсыз технология енгізіліп жатыр. Көлік министрлігі дрондарды пайдалану бойынша алғашқы сынақты Ақмола облысындағы Ақмол – Воздвиженка – Талапкер жолында өткізді.
Жаңа тәсілдің ерекшелігі — адам факторының барынша азаюы. Мамандар тек бақылау аймағын белгілейді, ал қалған жұмысты дрон өзі атқарады. Ол бағытты дербес құрып, жол жамылғысындағы ақауларды, соның ішінде шұрық-тесік пен бүлінген учаскелерді автоматты түрде тіркейді.
Жиналған мәліметтер цифрлық жүйе арқылы өңделеді. Технология жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, жолдағы проблемаларды жылдам анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар құрылғылар ауа райының қолайсыздығына да төзімді. Қатты жел мен өзгермелі жағдайда да жұмысын тоқтатпайды.
Айта кетейік, елімізде ақылы жолдардан түсетін табыс айтарлықтай артқан. 2025 жылы бұл көрсеткіш 86 млрд теңгеге жетсе, бір жыл бұрын 48 млрд теңге болған.