Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді жалған нөмірлі көліктер жаңа әдіспен анықталады
Жаңалықтар

Енді жалған нөмірлі көліктер жаңа әдіспен анықталады

27.04.2022
1 мин
0
1339

Мәселе «Қорғау Сергек» бағдарламасы жайында болып отыр, оның көмегімен жалған нөмірлі көліктер анықталып жатыр.

«Жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан көлік жүргізушілерін, сондай-ақ көлік құралдарын мас күйінде басқарған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда. Айтпақшы, өткен тәулікте ғана қала жолдарындағы «Қорғау Сергек» кешені жалған нөмір пайдаланған 11 жүргізушіні анықтады. Өткен тәулікте олар жалпы сомасы 12 миллион 680 теңгені құрайтын 790 құқық бұзушылық жасаған. Бұл көліктер ұсталып, арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды», - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Айыппұл салынғандар арасында – 1992 жылы туған А.есімді азамат бар. Жақында ол 92 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Айыппұл сомасы 1 миллион 541 мың теңгені құрады.

«Айта кетейік, «Қорғау Сергек» жүйесі 2021 жылдың қараша айынан бастап пилоттық режимде қолданылып келеді. Жалпы, жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмір пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 3,4 бөлігі) 171 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер айыппұл тұрағына орнатылды. Сонымен қатар, өткен тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауысты сигналдарды заңсыз пайдаланған екі көлік жүргізушілері ұсталды. Сондай-ақ, 7 мас жүргізуші көлікті басқарудан шеттетілді», - деді, полковник Саттаров.
Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2623 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
276
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл