Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Энергетика саласына 1500 білім беру гранты бөлінді
Жаңалықтар

Энергетика саласына 1500 білім беру гранты бөлінді

22.07.2025
1 мин
0
99
Сурет: shutterstock

2025 жылғы 13 шілдеден бастап елімізде жоғары оқу орындарына білім беру гранты конкурсына және ақылы негізде оқуға өтініш қабылдау басталды. Осыған орай Энергетика министрлігі энергетика саласында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 1500 мемлекеттік грант бөлінгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінген гранттар келесі бағыттарды қамтиды:

  • "В062 – Электротехника және энергетика" мамандығы бойынша – 1000 грант;
  • "В162 – Жылуэнергетика" мамандығы бойынша – 500 грант (қысқартылған және толық оқу түрлерін қоса алғанда).

Министрліктің мәліметінше, еліміздің энергетика секторы қарқынды дамып келеді. Заманауи технологияларға негізделген жаңа энергия өндіруші нысандардың іске қосылуы бұл салада жоғары білікті кадрларға деген сұранысты арттырып отыр.

Атап айтқанда, электр желілері, газ турбиналары, бу-газ қондырғылары және атом электр станцияларын жобалау, құрастыру және пайдалану бағыттарында мамандар қажет.

Кадрлар даярлау үдерісі салалық жоғары оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы тығыз әріптестік арқылы жүзеге асырылады. Бұл модель түлектердің нақты өндірістік ортаға бейімделуіне және энергетика саласындағы нақты нысандарға жұмысқа орналасуына жағдай жасайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл