| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2026 жылы 625 млрд теңге көлемінде қарыздық қаржыландыру мақұлданды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы халықаралық қаржы институттары, қазақстандық банктер және «Бәйтерек» инвестициялық холдингі арқылы тартылады. Жобаға алты жетекші халықаралық қаржы институтының қатысуы жоспарланған.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың айтуынша, ұзақмерзімді әрі төмен құнды қаржы ресурстарын тарту коммуналдық қызметтердің өзіндік құнына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
2026 жылы ТКШ саласын қаржыландыру көлемі 2025 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғаяды. Қаражат коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және энергетикалық нысандарды дамытуға бағытталады.