Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Израильдің әрекеттеріне қарсы ислам әлемін бірлесіп әрекет етуге шақырып, оны халықаралық деңгейде оқшаулау қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ердоған бұл мәлімдемесін Каирде өткен D-8 (Исламдық сегіздік) саммиті аясында ұйымдастырылған Ливан мен Палестина бойынша арнайы сессияда айтты. Ол ислам елдерін Израильдің заңсыз әрекеттеріне қарсы нақты қадамдар жасауға үндеді.
- Бұл шабуылдардың салдарынан 50 мыңнан астам бауырымыз, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза тауып, 100 мыңнан астам палестиналық жарақат алды. Әл-Құдс әл-Шарифте орналасқан алғашқы құбыламыз – әл-Ақса мешіті иудаландыру саясатының құрбаны болып отыр, – деді Ердоған.
Түркия басшысы D-8 елдерін “Сирия мен аймақтың тұрақтылығына қауіп төндіретін заңсыз әрекеттерге” батыл жауап беруге шақырды.
- 7 қазаннан бері ислам елдері геноцидті тоқтатуға тырысып келеді, алайда Израиль Американың ашық және батыс елдерінің жанама қолдауына сүйеніп, шабуылдарын жалғастыруда, – деп атап өтті ол.
Ердоғанның айтуынша, Израиль тек Газа мен Ливанды емес, Сирияны да нысанаға алған. Осыған байланысты ол Израильге қару-жарақ жеткізуге эмбарго енгізуді, сауда-саттықты тоқтатуды және оны халықаралық аренада оқшаулауды ұсынды.
- Біз барынша көп елдерді, әсіресе D-8 мүшелерін, Оңтүстік Африка Халықаралық сотқа берген ісіне қосылуға және Түркияның бұл мәселедегі бастамасына қолдау көрсетуге шақыруымыз керек, – деп түйіндеді Ердоған.