Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Филиппинде су тасқыны салдарынан кем дегенде 33 адам қаза тауып, жетеуі із-түзсіз кеткендер тізімінде. Табиғи апаттың алдын алу және жою жөніндегі кеңестің бейсенбіде таратылған есебінде атап өтілгендей, қолайсыз ауа райы республиканың 14 өңірінде 1,67 млн-нан астам адамға зиян келтірді, деп хабарлайды Dauletten.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Агенттіңтің мәліметінше, 266,3 мың адам 512 эвакуациялық орталыққа орналастырылған. Кем дегенде 14,3 мың адам үйлерін тастап кетіп, 12 азамат түрлі жарақат алды. 14 өңірде су тасқыны мен көшкінге байланысты мыңнан астам оқиға тіркелді. Апат 1,67 мың үйге құны 3,71 миллион песо (67,9 мың доллар) зақым келтірді. 193 инфрақұрылымдық нысанға келтірілген залал 206,9 млн песоға ($3,78 млн), ауыл шаруашылығына - 439,9 млн песоға ($8,04 млн) бағаланып отыр.
Су тасқыны 263 жол мен 62 көпірге зақым келтірді, 26 теңіз портының жұмысына кедергі болған. 606 қала мен 148 муниципалитетте оқу орындарындағы сабақтар мен кәсіпорындардағы жұмыс тоқтатылды. 59 елді мекенде апат режимі енгізілді.
Үкімет көмек көрсетуге 86,8 млн песо ($1,58 млн доллар) бөліп отыр.
Фото: serke.org