Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Air Аstana әуе компаниясын сынға алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжілістегі елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналған Үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин Air Astana әуе компаниясына ескерту жасады.
- Шынында да Air Astana біздің аспанымыздың құдайы болып алған. Билеттің бәрі жақындағанда көтеріледі. Ол арақашықтыққа байланысты деген бос әңгіме. Билет жақындағанда қалай көтеріледі? Жақындаған кезде көтерілмеуі керек, бағасы түсуі тиіс. Өйткені билетті тезірек өткізу керек қой. Бұлар керісінше жұмыс істейді. Air Astana, лоукостер мәселесін майшаммен қарау керек. Фостер мырза сіз шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекеттің заңына бағынуыңыз қажет. Мұсабаев екеуіміз 1 сағат кешіккенге 3 пайыз айыппұл салатын норма енгіздік. Енді қызықты қараңыздар, 2 тамызда Air Astana 12 сағатқа кешікті, әлі күнге дейін айыппұлын ала алмай жүрмін. Неге? Олар қитұрқы сызба әзірлеп қойған. Сайтқа кіріп өтінім беріп, ақшаны алу қиын. Мен әлі жүрмін. Оны аламын да. Ал енді алатын болсаңыз, "жазбаларыңызды, ақшаңызды ешкімге жарияламау керек" деп шарт қояды, - деді депутат.
Осы орайда депутат Марат Қарабаевқа өтемақыларды алу процесін жеңілдету қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, әуе компанияның сайты арқылы өтемақыға өтінім беру өте күрделі.
- Air Astana-ның мультимедиасының көбі басқа тілде. Мемлекеттік тілдегі контент өте аз. Оны орнына келтіру қажет. Ол да үлкен мәселе. Кеңістігімізде ұшып жүр, өзіміздің компания санаймыз. Ендеше неге мемлекеттік тілге басымдық бермейді?! Фостер мырза, сіз Парламентке бірінші рет келіп отырсыз. Сізге бір рет қана сұрақ қойылды. Бірақ, сіз Қазақстан аумағына келгеннен кейін бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауыңыз, заңын сыйлауыңыз, жағдай жасауыңыз қажет. Ақшаны бәріміз де жақсы көретін шығармыз. Бірақ, ақшаны жақсы көремін деп билетті көтере бермеңіз. Күнде жалақы көтеріліп, күнде отын бағасы қымбаттап жатқан жоқ. Территориямыздың арақашықтығы күнде резеңке ұқсап созылып жатқан жоқ. Ал сіздер бағаны көтересіздер. Билет бағасы 60 мыңнан 120 мыңға дейін кетіп қалады, - деді Еділ Жаңбыршин.