Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ғалымдар: COVID-19-ға қарсы вакцинацияны жыл сайын өткізуге тура келеді
Жаңалықтар

Ғалымдар: COVID-19-ға қарсы вакцинацияны жыл сайын өткізуге тура келеді

12.03.2021
1 мин
0
882

Пандемияны бақылауда ұстау үшін жыл сайынғы вакцинация қажет болуы мүмкін. Калифорния университетінің мамандары коронавирустың әртүрлі штамдарының таралу ерекшеліктерін зерттей келе осындай болжам айтты. Бұл туралы 31 арнанының "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасы хабарлады.

Сарапшылар вакциналардың құрамын үнемі жаңартып отыруға тура келетініне сенімді, өйткені коронавирус мутацияланады. Осылайша жыл сайынғы вакцинация қажет болуы мүмкін.

Бірақ ғалымдар алаңдайтын ештеңе жоқ екенін айтады. Тұмауға қарсы вакциналар әр эпидемиялық маусымда жаңартылып отырады. Бұл ретте, препараттар жаңа штамдарға қарсы жоғары тиімділікті көрсетеді.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде вакцинация науқаны қызу жүріп жатыр. Пекинде шамамен 6 миллион адам COVID-19 вакцинасын алды – бұл бүкіл халықтың үштен бірі. Ал екпе алған азаматтардың үлесі бойынша Сейшел аралдары, Израиль және Ұлыбритания көш бастап тұр.

Бірақ барлық елдерде вакцинация сәтті жүріп жатыр деп айтуға болмайды. Мәселен, Украинада медицина қызметкерлерінің 60%-ы вакцинациядан бас тартты. Тіпті ел басшысы Владимир Зеленский де COVID вакцинасын алды, бірақ бұл "бас тартушыларды" сендірмеді. Дәрігерлер денсаулық сақтау министрлігі сатып алған Үндістан шығаратын Covishield препаратына сенбейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл