Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі Гарвардты шетелдік студенттерді оқыту құқығынан айырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Трамп әкімшілігі әйгілі оқу орнына қатысты осындай шешім шығарды. АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, Гарвардта білім алып жатқандарға да талап күшейтілген. Олар өз еркімен ауысуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, заңды мәртебесінен айырылуы мүмкін.
Университеттің мәліметінше, оның халықаралық академиялық қауымдастығы 9970 адамнан тұрады, оның 6793-і — шетелдік студенттер. Бұл 2024–2025 оқу жылындағы барлық студенттердің 27,2 пайызын құрайды.
- Біз қауымдастық мүшелеріне қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беру үшін шұғыл жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл жауапты шара Гарвард қауымдастығына және елімізге елеулі зиян келтіруі мүмкін және Гарвардтың академиялық әрі зерттеу миссиясын әлсіретеді, – деді университет өкілі Джейсон Ньютон.
Гарвард басшылығы мыңдаған студентке қатысы бар Трамп әкімшілігінің әрекетін заңсыз және кек алу талпынысы деп атады. Бұл жоғары оқу орнының академиялық және зерттеу миссиясына нұқсан келтіретінін де айтты. Университет зардап шеккен студенттерді қолдауға уәде берді.